20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мереке аясында жеке құрам арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, асық ату, арқан тарту, таяқ тарту, қазақ күресі, тоғызқұмалақ және басқа да дәстүрлі ойындар ұйымдастырылады. Аталған іс-шаралардың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлер арасындағы бірлікті нығайту. Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы!

Жамбыл облысы ТЖД