Жамбыл облысы ТЖ департаментінде көктемгі ағаш егу акциясы өтті

Жамбыл облысы ТЖ департаментінде көктемгі ағаш егу акциясы өтті

Бүгін, 19 наурыз, ел өмірі мен әрбір қазақстандық үшін жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Жамбыл облысыТөтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Жаңару – жаңа өмір бастауы» атты ағаш отырғызу акциясына қатысты. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту. Қызметкерлер ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты аялауға өз үлестерін қосты. Акция Жамбыл облысының барлық аудандарында ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы ТЖД