
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттау мақсатында Ұлттық киім күні атап өтілді. Бұл күні Жуалы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің кезекші ауысымы қызметке ұлттық киіммен түсті. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жаңа жұмыс күнін ұлттық киіммен бастап, челленджді қолдап, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтерін көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД