
Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен Тараз қаласы маңындағы су арнасында көктемгі мезгілде туындауы ықтимал су тасқыны немесе су жайылу жағдайларында төтенше жағдайлардың адын алу және суды сору жұмыстарын атқару үшін техникалардың дайындығы тексеріліп, пысықталды. Шара барысында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Ертай Раймбеков көктемгі мезгілде су тасқыны орын алғанда жеке құраммен атқарылу тиіс әрекеттерінің дайындығын тексеріп, ол бойынша түсіндіру мақсатында сабақ өтті. Мұндай бағыттағы шаралар облыс аумағында одан әрі жалғасады.
Жамбыл облысы ТЖД