
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – нысанда өрт болған жағдайда бөлімшелердің жедел әрекет етуін пысықтау, қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру және адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде көрсету. Жаттығу барысында шартты өрт ошағы анықталып, өрт сөндірушілердің жедел әрекеті, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару және нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылдары пысықталды. Сабақ соңында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД