
Бүгін Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында бекітілген кестеге сәйкес Жамбыл облысы ТЖД қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар бөлімдерінің газ-түтіннен қорғау буынында жұмыс істеуге рұқсаты бар бастықтарымен жылу-түтін камерасында шынайы өртке негізделген тәжірибелік жаттығу өтті. Шараның мақсаты өрт сөндіруші-құтқарушылардың тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс атқару қабілеттерін арттыру. Аталған жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастрылды. Құтқарушылардың кәсіби біліктіліктерін шыңдайтын мұндай сипаттағы жаттығулар тоқсан сайын ұйымдастырылып өткізіледі.
Жамбыл облысы ТЖД