Меркі ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Меркі ауданында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы өрт-тактикалық сабақ өткізді. Іс-шара Меркі аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы базасында ұйымдастырылды. Сабақ барысында өрт сөндірушілер шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін пысықтады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлеріне өрт кезінде дұрыс әрекет ету және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД