Тараз қаласында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Тараз қаласында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы №4 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кестеге сәйкес Тараз қаласы, Абай даңғылындағы сауда үйінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – шартты өрт кезінде бөлімшенің жедел әрекет етуін пысықтау, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыру және өртті сөндіру кезінде өзара іс-қимылды жетілдіру. Сабақ барысында өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Жамбыл облысы ТЖД