Таразда қоймадағы өрт жедел түрде сөндірілді

Таразда қоймадағы өрт жедел түрде сөндірілді

Бүгін Тараз қаласында Мамбет батыр көшесінде құрылыс материалдары қоймасында өрт шықты.  Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді.  Өрт жедел түрде сөндірілді, ал өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында көрші қоймалар мен құрылыс материалдары сақталған жоғары өрт қауіпі бар контейнерлерді құтқаруға мүмкіндік туды.  Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Жамбыл облысы ТЖД