
15 наурыз – Қайырымдылық күні аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қарт анаға көмек көрсетті. Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері Жамбыл ауданы, Қапал ауылында тұратын 76 жастағы әжейдің үйіне барып, қолғабыс жасап, қажетті шаруашылық-тұрмыстық жұмыстарға көмектесті. Қайырымдылық шарасының мақсаты – қарттарға қамқорлық көрсету, олардың тұрмыс жағдайына қолдау білдіру және қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыра беретін болады.
Жамбыл облысы ТЖД