Қайырымдылық күніне орай құтқарушылар мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Қайырымдылық күніне орай құтқарушылар мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында, жаңартылған формат бойынша 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті. Осындай игі бастамалар қоғамдағы бірлік пен мейірімділікті нығайтып, ұлттық құндылықтардың маңызын арттыра түседі.

Жамбыл облысы ТЖД