Талас ауданында Көрісу күні аталып өтті

Талас ауданында Көрісу күні аталып өтті

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп Көрісу күні мерекесіне орай тағылымды іс-шара өткізді. Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері Тамды ауылының кітапханасына арнайы барып, ауыл тұрғындарымен жүздесіп, қыстан аман-есен шыққандықтарына қуанып, қазақ халқының ежелгі дәстүріне сай Амал мерекесін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, амандық-саулық сұрасып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеді. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні мен қоғамдағы маңыздылығы туралы айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД