
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Азаматтық қорғаныс айлығы жоспарына сәйкес Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында оқу-жаттығу өткізді. Іс-шара барысында қызметкерлер мен орталық тұрғындарына төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың мақсаты — азаматтардың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және шұғыл әрекет ету дағдыларын жетілдіру.
Жамбыл облысы ТЖД