Жамбыл ауданында референдум қарсаңында сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптары тексерілді

Жамбыл ауданында референдум қарсаңында сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптары тексерілді

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері референдум қарсаңында сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зерделеу және профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында нысандардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі, эвакуациялық шығу жолдарының жағдайы, өрт дабыл жүйелерінің жұмысқа жарамдылығы және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы қаралды. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД