Жамбыл ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері және су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Мамандар тұрғындарға жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, олардың жарамдылығын уақытылы тексеру және қосулы тұрған құрылғыларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салды. Мұндай шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД