Байзақ ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Байзақ ауданында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Тегістік ауылының тұрғындарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, жылыту маусымына дайындық, улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, балаларды қараусыз қалдырмау және олардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мәселелері айтылды. Сондай-ақ мамандар автокөліктегі өрт қауіпсіздігі және жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер туралы ақпарат берді. Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД