
Азаматтық қорғаныс күніне орай Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдерге төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар қатысушыларға азаматтық қорғаныстың маңызы туралы ақпарат беріліп, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД