Оқушыларға Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі түсіндірілді

Оқушыларға Азаматтық қорғау академиясына түсу тәртібі түсіндірілді

Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар жоғары сынып оқушыларына М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу тәртібі, талаптары және оқу процесінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар құтқарушы мамандығының маңыздылығы, төтенше жағдайлар саласында қызмет етудің жауапкершілігі мен артықшылықтары түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды. Мұндай кездесулер жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге және болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД