
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан асханаларда, кафелерде және тез дайындалатын тағам дайындайтын орындарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар нысан қызметкерлеріне өрттің алдын алу шараларын, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану ережелерін және төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар ас үйлердегі желдету (вентиляциялық) каналдарын уақытылы тазалап отырудың маңыздылығы айтылды. Себебі май мен күйенің жиналуы өрт қаупін арттыруы мүмкін. Мамандар нысан қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырып, қауіпсіздік – әр адамның ортақ жауапкершілігі екенін еске салды.
Жамбыл облысы ТЖД