Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жуалы ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Мереке күндері Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Көктас ауылында тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Мамандар жылыту құралдарын пайдалану, электр жабдықтарын қолдану және ашық отты қолдану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Мұндай профилактикалық шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД