Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Мереке күндері Жамбыл облысы Жуалы ауданында орналасқан Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына келген демалушылар мен балықшылар арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары күшейтілді. Профилактикалық іс-шара барысында мамандар келушілерге судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сақтық шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, ашық отты қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар азаматтарды демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырып, төтенше жағдайлардың алдын алу әр азаматтың жауапкершілігі екенін еске салды.

Жамбыл облысы ТЖД