Мерекеде кезекшілікте тұрған аруларға құрмет көрсетілді

Мерекеде кезекшілікте тұрған аруларға құрмет көрсетілді

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мереке күні кезекшілікте қызмет атқарып жүрген әйел қызметкерлерді құттықтады. Департамент басшылығы мерекелік күні де қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген нәзік жандыларға алғыс білдіріп, олардың азаматтық қорғау жүйесіндегі еңбегі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті. Кездесу барысында қызметкерлерге жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында шағын сыйлықтар табысталды. ТЖ саласында еңбек етіп жүрген әйел қызметкерлер кәсіби шеберлігімен қатар, мейірімділігі мен жанашырлығын үйлестіре отырып, қоғам қауіпсіздігі жолында маңызды қызмет атқаруда.

Жамбыл облысы ТЖД