
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз өз еңбегімен адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға күн сайын үлес қосып жүрген әйелдер туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Рысалдиева Гүлпатша Әмірқызы — Жамбыл облысы Апаттар медицинасы орталығының фельдшер-диспетчері. Ол осы салада 2015 жылдан бері қызмет атқарып, жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленіп келеді. Фельдшер-диспетчердің жұмысы тек медициналық білімді ғана емес, сонымен қатар сабырлылықты, мұқияттылықты және жедел шешім қабылдай білуді талап етеді. Әріптестері оның мейірімділігін, сабырлы мінезін және ең қиын жағдайлардың өзінде жинақылығын сақтай білетін қасиетін ерекше атап өтеді.
Жамбыл облысы ТЖД