Талас ауданында газ құю станцияларында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Талас ауданында газ құю станцияларында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөліктерге газ құю станцияларында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында мамандар станция қызметкерлері мен жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін түсіндіріп, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қауіпсіздік талаптарын сақтау адам өмірі мен мүлкін қорғаудың маңызды кепілі екені атап өтілді.

Жамбыл облысы ТЖД