Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері балалар ойын алаңдарында профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында ата-аналар мен балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, ойын кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі еске салынды. Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар тұрғындар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД