Мыңбұлақ орта мектебінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Мыңбұлақ орта мектебінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында өрт туындаған жағдайда атқарылатын іс-қимылдар пысықталып, жеке құрамның жедел әрекет ету дайындығы тексерілді. Сонымен қатар мектеп қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт болған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға дайындықты күшейтуге бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД