Сұлулық, күш және қызмет жауапкершілігі

Сұлулық, күш және қызмет жауапкершілігі

Карим Камила Абдраупқызы — Жамбыл облысы ТЖД №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы-радиотелефонисті. Төтенше жағдайлар жүйесіндегі қызмет тек кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар батылдықты, төзімділік пен жоғары жауапкершілікті талап етеді. Бұл салада кез келген сәтте көмекке келіп, адамдардың өмірін қорғауға дайын мамандар еңбек етеді. Солардың бірі — Камила Абдраупқызы. Ол нәзіктік пен ішкі күшті, жоғары жауапкершілікті өз бойында үйлестіре білген. Нәзік болмысының артында мықты мінез, тәртіп пен өз ісіне деген адалдық жатыр. Әріптестері оның кәсібилігін, еңбекқорлығын және жауапкершілігін ерекше атап өтеді. Оның бейнесі — адамдардың қауіпсіздігі жолында күн сайын қызмет етіп, сұлулық, ішкі күш пен жоғары жауапкершілікті үйлестіре білген тұлғаның жарқын үлгісі.

Жамбыл облысы ТЖД