
Ольга Александровна Крыгина — ТЖД қызметтік орынжайларының тазалығының нағыз «феясы». 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өз еңбек міндеттерін адал атқарып келеді. Күн сайын Ольга Александровна өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, Департаменттің қызметтік орынжайларында тазалық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Оның еңбегінің арқасында кабинеттер әрдайым таза, ұқыпты әрі жайлы күйде болады. Әріптестері оны тек еңбекқор әрі жауапты қызметкер ретінде ғана емес, сондай-ақ мейірімді жанды, шынайы күлімсірей білетін адам ретінде де жоғары бағалайды. Ол әрдайым көтеріңкі көңіл күйде жүріп, айналасына позитив сыйлап, ұжымда жылы атмосфера қалыптастырады.
Жамбыл облысы ТЖД