Референдум қарсаңында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Референдум қарсаңында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Елімізде өтетін референдумға дайындық аясында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан №473 сайлау учаскесінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – референдум өткізу кезеңінде нысандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет ету және құтқару бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды. Өрт-тактикалық сабақ барысында шартты өртті жою, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану бойынша іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар нысан қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД