
Құжат айналымы – кез келген мемлекеттік мекеменің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуінің маңызды бөлігі. Бұл салада жауапкершілік, ұқыптылық пен кәсібилік ерекше маңызға ие. Осындай талаптарға сай еңбек етіп жүрген мамандардың бірі — Усумбаева Ақмарал Рысбекқызы. Ақмарал Рысбекқызы Апаттар медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің Жамбыл облысы бойынша филиалында, құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы қызметін атқарады. Ол мекемедегі құжат айналымының дұрыс жүргізілуіне, ресми құжаттардың уақытылы рәсімделуі мен сақталуына жауап береді. Әріптестері Ақмарал Рысбекқызын өз ісіне жауапты, еңбекқор және тиянақты маман ретінде жоғары бағалайды. Оның кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілеті мекеме жұмысының үйлесімді жүруіне өз үлесін қосуда.
Жамбыл облысы ТЖД