
Төтенше жағдайлар саласында қызмет ету тек физикалық дайындықты ғана емес, мықты рух пен психологиялық төзімділікті талап етеді. Осындай жауапты салада қызмет атқарып жүрген мамандардың бірі — Жамбыл облысы ТЖД Психологиялық қызмет және полиграфологиялық зерттеу тобының бас маман-психологы, азаматтық қорғау подполковнигі Ақылова Назира Абдрасілқызы. Құтқарушылар күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетіндіктен, олардың ішкі тұрақтылығы мен моральдық дайындығы аса маңызды. Назира Абдрасілқызы әріптестеріне қиын сәттерде қолдау көрсетіп, олардың рухын көтеріп, кәсіби сенімділігін нығайтуға үлес қосып келеді. Оның еңбегі — құтқарушылардың психологиялық тұрақтылығын сақтауға және ұжымдағы бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қызмет.
Жамбыл облысы ТЖД