Офицерлер «Рауан» телебағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі

Офицерлер «Рауан» телебағдарламасының тікелей эфирінде сөз сөйледі

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Департамент офицерлері «Jambyl» телеарнасындағы «Рауан» телебағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Эфир барысында өңір тұрғындарына Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің маңызы, қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайларға қызметтердің дайындығы туралы айтылды. Сондай-ақ ТЖД бөлімшелері жүргізіп жатқан профилактикалық жұмыстар мен халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бағдарламаға Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валиев Валихан және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының офицері Данияр Келіс қатысты. Тікелей эфирдегі бұл кездесу тұрғындарды ақпараттандыруға және азаматтардың төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға маңызды алаң болды.

Жамбыл облысы ТЖД