Мықты әйел, сенімді офицер, қамқор ана

Мықты әйел, сенімді офицер, қамқор ана

Халықаралық әйелдер күні — 8 наурыз мерекесі қарсаңында кәсібилікті, жауапкершілікті және отбасылық жылылықты қатар алып жүрген әйелдер туралы ерекше айтқымыз келеді. Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ардақ Тоқсабаева – қызметіне адалдық пен өмірлік төзімділіктің жарқын үлгісі. Ол 2005 жылдан бері азаматтық қорғау жүйесінде еңбек етіп, жоғары кәсібилігімен, принципшілдігімен және жауапкершілігімен ерекшеленіп келеді. Маңызды әрі жауапты қызметімен қатар, Ардақ Жамбылқызы – сүйікті жар және бес баланы тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Оның өмір жолы – қайсар мінез, нәзіктік пен отбасыға деген қамқорлықтың үйлесімді көрінісі. Ол қоғамға адал қызмет етіп жүріп, жақындарына да сенімді тірек бола алатынын дәлелдеп келеді. Әріптестері оны кәсіби біліктілігі, сабырлылығы және адами қасиеттері үшін жоғары бағалайды. Оның өмірлік және еңбек жолы көпшілікке үлгі болып, әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін айқын көрсетеді.

Жамбл облысы ТЖД