Тараз қаласында “Ашық есік күні” өтті

Тараз қаласында “Ашық есік күні” өтті

Азаматтық қорғаныс күніне орай Тараз қаласындағы Ауэзов атындағы №33 орта мектебінде және осы мектеп жанындағы «Бүлдіршіндер» шағын орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілеріне өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жедел-құтқару жасағының арнайы техникасы мен құрал-жабдықтары таныстырылды. Балалар құтқарушылардың және өрт сөндірушілердің киім үлгілерімен, қорғаныс құралдарымен танысып, қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат алды. Іс-шара мектеп жанындағы шағын орталығы «Бүлдіршіндер» тәрбиеленушілеріне арналған қауіпсіздік сабағымен жалғасты. Құтқарушылар балаларға өрт кезіндегі әрекеттер, жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі және басқа да төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

Жамбыл облысы ТЖД