Шу ауданында ашық есік күні өтті

Шу ауданында ашық есік күні өтті

Азаматтық қорғаныс күніне орай Шу ауданы ТЖБ, Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бөлімінде «Құтқарушыларға алғыс» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға Шу ауданы білім бөлімінің Аль-Фараби орта мектебінің оқушылары қатысты. Экскурсия барысында балаларға өрт сөндіру техникалары таныстырылып, қарауыл қызметінің күнделікті атқаратын міндеттері туралы жан-жақты түсіндірілді. Ашық есік күні оқушыларға ерекше әсер қалдырып, олардың азаматтық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырды.

Жамбыл облысы ТЖД