Талас ауданында құтқарушылармен арнайы сабақ өтті

Талас ауданында құтқарушылармен арнайы сабақ өтті

Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде ұлы қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы мен Алғыс айту күніне орай бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Алдымен бөлім қызметкерлері аудандық кітапханаға барып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық кездесуге қатысты. Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың қазақ әдебиетін дамытудағы рөлі, ұлттық рухты қалыптастыруға қосқан үлесі кеңінен айтылып, қатысушылар тарихи-рухани мұраға құрмет білдірді. Мереке аясындағы іс-шаралар бөлімшеде жалғасын тапты. Алғыс айту күніне орай қонақтар мен мамандардың қатысуымен психологиялық тренингтер өткізілді. «Батылдық пен мейірім – елге қызмет» тақырыбындағы жаттығулар қызметкерлер арасындағы өзара қолдауды нығайтуға, бірлік пен командалық рухты арттыруға және эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға бағытталды. Тренинг барысында түрлі жаттығулар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Бұл іс-шаралар ұлы ақын мұрасына құрмет көрсету мен алғыс айту мәдениетін насихаттауды біріктіріп, рухани және кәсіби дамуға серпін берді.

Жамбыл облысы ТЖД