2020 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты №85395 әскери бөлімінің аумағында шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы түрде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу өткізудегі басты мақсат Өрт сөндіру қызметінің аға басшы және қатардағы жеке құрамымен режимді нысандардағы өрттерді сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасы бойынша негізгі мәселелері мен ерекшеліктерін тәжірибелік тұрғыдан машықтау, сондай-ақ №85395 әскери бөлімінің өрт сөндіру құрылымымен өзара әрекеттестікті жаңғырту болып табылады.
Оқу-жаттығу сценариі бойынша өрт әкімшілік ғимараттың үшінші қабатындағы электр құралдарының қысқа тұйықталу салдарынан орын алады. Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің диспетчерімен №2 жоғарғы рангалы шақыртуы бойынша өрт орнына Тараз қаласы өртке қарсы қызметі гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтіледі.
Оқиға орнында адамдарды, материалды-тауарлық құндылықтарды құтқару және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылып, 2 жауынгерлік участок құрылды. Жеке құраммен арнайы өрт сөндіру техникасын қолданумен адамдарды құтқару және қауіпсіз аймаққа көшіру бойынша іс-әрекеттер, газ-түтінінен қорғау қызметі буындарының жұмысын ұйымдастыру жұмыстары атқарылды.
Нәтижесінде оқу-жаттығуға қатысқан барлық бөлімшелер алға қойылған жауынгерлік тапсырмаларын сәтті аяқтады. №85395 әскери бөлімінің өрт сөндіру құрылымымен мемлекеттік өртке қарсы бөлімшелері келгенге дейін 60 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен өрт орнынан 3 адам құтқарылды, сонда й-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жүргізілген жедел шаралар қорытындысы бойынша қабылданған 40 шаршы метр көлеміндегі шартты өрт жойылды.
Оқуға Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері (№1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі), Кезекшілік өрт сөндіру қызметі және Медициналық апаттар орталығының қызметкерлері мен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің басқарма аппараты қызметкерлері қатысты. Барлығы 6 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 1 дана УАЗ автокөлігі және 35 адам жеке құрам жұмылдырылды.
Оқу қорытындысы бойынша Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі М.З.Шайкрамовпен және ҚР ҚМ №85395 әскери бөлімінің басшылығымен оқу-жаттығуға жалпы талдау жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы