Сарысу ауданында референдум қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Сарысу ауданында референдум қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі республикалық референдумға дайындық аясында аудан аумағындағы сайлау учаскелеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында эвакуациялық шығу жолдарының жай-күйі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, электр желілері мен автоматты өрт дабылы жүйелерінің жұмысы қаралды. Жауапты тұлғаларға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, анықталған ұсақ кемшіліктер жойылды. Сайлау учаскелерінің дайындығы қанағаттанарлық деп танылды. Дауыс беру күні жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарады.

Жамбыл облысы ТЖД