Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының білікті маманы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының білікті маманы

Әлімбек Ақерке Есенәліқызы Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында қазандық шаруашылықтары және көтергіш құрылымдар бағыты бойынша 3 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Оның негізгі міндеттеріне көтергіш құрылымдары бар объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кіреді. Кәсібилігі, жауапкершілігі және жұмысына деген принципшіл көзқарасы Ақерке Есенәліқызына қауіпті өндірістік нысандарда төтенше жағдайлардың алдын алуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді. Оның қызметі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өндірістік апаттардың алдын алуға бағытталған. Өз жұмысында ол қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң басшылыққа алып, өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән береді.

Жамбыл облысы ТЖД