Кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісі

Кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісі

Сапура Жақсылыққызы Ақылбекова – Жамбыл облысы ТЖД Арнайы жұмыс бөлімшесінің бас маманы. Ол азаматтық қорғау органдары жүйесінде 2015 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарып келеді, ал қазіргі лауазымында 2025 жылдың мамыр айынан бері еңбек етуде. Қызмет атқарған жылдары өзін тәртіпті, жауапты және білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Жаңа лауазымда салыстырмалы түрде аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан, өзіне жүктелген лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды толық көлемде және сапалы орындайды. Арнайы жұмыс бөлімшесіндегі қызмет жоғары сенім мен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әріптестері арасында зор құрметке ие, ұқыптылығымен және өз ісіне адалдығымен ерекшеленіп, өңірдің азаматтық қорғау жүйесінің дамуына үлес қосып келеді.

Жамбыл облысы ТЖД