
Намазбаева Дания Дінмұхамбетқызы — Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы. 2018 жылдан бері азаматтық қорғау жүйесінде еңбек етіп келе жатқан ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары жауапкершілікпен қызмет атқарып келеді. Оның негізгі міндеті — тау-кен өндірісі нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау және қадағалау, авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу. Дания Дінмұхамбетқызы өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді. Әрбір тексеріс пен талдау — өңірдегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосылған маңызды үлес. Ол — қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік тәуекелдерді азайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың белсенді қатысушысы.
Жамбыл облысы ТЖД