Жуалы ауданында сайлау учаскесінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өтті

Жуалы ауданында сайлау учаскесінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өтті

15 наурызда өтетін референдумға дайындық аясында Жуалы ауданының құтқарушылары №203 сайлау учаскесінде жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақ өткізді. Іс-шараның мақсаты – референдум өткізу кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жауапты қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін пысықтау. Сабақ барысында шартты өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және алғашқы әрекет ету тәртібі іс жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар сайлау учаскесіне жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД