Мемлекеттік қызмет пен жеке адалдық — бір тұлғада

Мемлекеттік қызмет пен жеке адалдық — бір тұлғада

Жамбыл облысының азаматтық қорғау жүйесінде өңірдегі стратегиялық маңызы бар нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың рөлі ерекше. Солардың бірі — Жамбыл облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Алекешева Айсана Маратқызы. 2015 жылдан бері ол мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Ант қабылдағаннан кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіби жолын бастап, осы бағытқа адал қызмет етіп келеді. Бүгінде оның құзыретіне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, салааралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және өндірістегі авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына қатысу кіреді. Бұл — жоғары кәсібилікті, сараптамалық ойлауды және қағидатшылдықты талап ететін жауапты қызмет.

Жамбыл облысы ТЖД