
Бүгін Тараз қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қаладағы «Өркен» ерекше балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінің қатысуымен экскурсия өтті. Оқушылар өрт сөндіру техникаларының түрлерімен және түрлі сипаттағы авариялық-құтқару жарақтарымен және техникаларымен танысып, құтқарушылардың өртке киетін дулығасын киіп көрді. Тараз қаласы ТЖБ офицерлері оқушыларға өрт сөндіргішті дұрыс қолдану тәсілдерін көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД