
Жамбыл ауданының Төлеген Токтаров атындағы орта мектебі 9–11 сыныптарының оқушыларының қатысуымен кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелерімен таныстыру. Кездесу барысында Жамбыл ауданы ТЖБ мамандары және Академияның 4-курс курсанты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, талапкерлерге арналған арнайы ақпараттық парақшалар таратты. Сонымен қатар Академия туралы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, оқу үдерісі, курсанттардың тұрмысы мен әлеуметтік кепілдіктері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Жамбыл облысы ТЖД