
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан орталығындағы Сары-ағаш базары аумағында орналасқан тамақтану орындарында және ашық от пайдаланатын нысандарда профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тұрмыстық және сұйытылған газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, газ жабдықтарының техникалық жай-күйін тұрақты тексеру, баллондарды дұрыс сақтау, ашық от көздеріне жақын орналастырмау және төтенше жағдай туындаған кездегі әрекет ету тәртібі бойынша нұсқаулар берілді. Сонымен қатар нысан иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі қосымша ұсыным хаттар табысталды.
Жамбыл облысы ТЖД