1 наурыз – Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы бастамасымен атап өтілетін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Талас ауданыннда балабақшада арнайы «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша білімін арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында бөлім қызметкерлері арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды таныстырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын және төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Жамбыл облысы ТЖД