
Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында кең көлемде профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер азаматтарға тұрмыстағы өрттің алдын алу жолдарын, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін түсіндірді. Сонымен қатар тұрғын үйлерге улы газдан қорғайтын дыбыс сигнал беру құрылғылары орнатылып, олардың дұрыс пайдалану тәртібі түсіндірілді. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД