
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандық этномәдени орталыққа барып, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен, салт-дәстүрлері және мәдени ерекшеліктерімен танысты. Іс-шара аясында этномәдени бірлестіктің төрайымы Надежда Николаевна Галахова және Жуалы аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абуғали Әбделіұлы Ералиевтің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесу барысында Қазақстан халқының бірлігі, өзара құрмет пен татулық құндылықтары кеңінен талқыланды. Қатысушылар еліміздегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай кездесулер қоғамдағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Жамбыл облысы ТЖД