Меркі ауданында «Көктем-2026» РКШОЖ өткізілді

Меркі ауданында «Көктем-2026» РКШОЖ өткізілді

Меркі ауданында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты пысықтауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын үйлестіру және төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыру. Іс-шараға Төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және азаматтық қорғау қызметтері қатысты. Жаттығу барысында шартты су тасқыны жағдайы енгізіліп, күштер мен құралдарды жұмылдыру, халықты құлақтандыру, эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды. Қорытындысында қызметтердің дайындық деңгейі бағаланып, анықталған кемшіліктерді жою және одан әрі дайындықты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы ТЖД